Қарабақ соғысынан соң. Әзербайжан Арменияға мұнай жіберді

226
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/iPSYvofRL5nxOJPFK9AiAXr33rYzBKC9r7vty5VT.webp

Әзербайжан Арменияға мұнай өнімдерінің алғашқы партиясын экспорттады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы APA ақпарат агенттігіне сілтеп.

Келісім 28 қарашада Әзербайжан премьер-министрінің орынбасары Шахин Мұстафаев пен Армения премьер-министрінің орынбасары Мгер Григорян арасындағы келіссөздер барысында жасалған. Соған сәйкес, SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы өндірген 22 вагон АИ-95 маркалы бензин Арменияға жеткізілді.

Отын экспорты тек коммерциялық негізде жүзеге асырылып отыр. Бензин халықаралық нарықтағы баға бойынша сатылуда. Ал мұнай өнімдерінің транзиті Грузия аумағы арқылы бір реттік негізде және тегін ұйымдастырылған.

Ресми мәліметке сәйкес, Әзербайжаннан Арменияға мұнай өнімдерін жеткізу бейбітшілік процесінің экономикалық тұрғыдан тиімді екенін көрсетеді. Бұл қадам екі ел арасындағы экономикалық және сауда байланыстарын қалпына келтіру жолындағы маңызды кезең ретінде бағалануда. Сондай-ақ аймақтық экономикалық ынтымақтастықты дамытуға және көрші мемлекеттер арасындағы өзара байланысты нығайтуға ықпал етпек.

Айта кетейік, бұған дейін Әзербайжан аумағы арқылы транзитпен өткен қазақстандық бидай тиелген алғашқы пойыз Арменияның Айрум станциясына жеткені хабарланған еді.

Пікірлер