Air India жоғалтқан Boeing ұшағын 13 жылдан кейін тапты

167
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/XGpjSTt641m1oLGHvEdU4ZibxnfSyULGToQxl2s2.webp

Air India компаниясының он үш жыл бұрын жоғалған Boeing 737-200 жолаушылар ұшағы табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

The Sun мәліметінше, ұшақ 2012 жылдан бері жоғалған деп есептелген. Алдымен Boeing пайдаланудан шығарылып, кейін Үндістан пошта қызметіне жалға берілген, бірақ қызметкерлердің ауысуы мен құжаттамадағы кемшіліктерге байланысты ұшақ назардан тыс қалған.

Тек Калькутта әуежайы әкімшілігінің Boeing 737-200 ұшағын ресми түрде әуежайдан алып тастауды сұрағаннан кейін ғана жағдай анықталды. Air India бастапқыда ұшақ өздеріне тиесілі емес екенін айтқанымен, ішкі тергеу нәтижесінде 30 тонна салмағы мен 30 метр ұзындығы бар ұшақтың шынымен жоғалған ұшақ екені расталды.

Әуе компаниясына тұрақ ережесін бұзғаны үшін 114 мың доллар айыппұл салынды. Екі апта бұрын ұшақ Бангалорға жеткізілді, ол жерде ұшу құрамының құрлықтағы жаттығулары үшін пайдаланылады.

Шенеуніктердің айтуынша, соңғы бес жылда Калькутта әуежайы аумағында қалдырылған он төртінші ұшақ дәл осындай себеппен анықталған.

Пікірлер