Еліміздің екі өңірінде шетелдіктер мінген көліктер қар құрсауында тұрып қалған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ақтөбе облысында қатты боран мен қалың қар жауып, республикалық маңызы бар жолдарда бірнеше көлік тұрып қалды. Соның ішінде 57 шетелдік мінген жолаушылар автобусы да бар.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, автобус Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы аумағындағы тас жолда қозғалып келе жатып, техникалық ақауға байланысты тоқтап қалған. Көлікте барлығы 57 адам, оның ішінде 3 бала болған. Автобус Мәскеу қаласынан Тәжікстан Республикасына бағыт алған. Барлық жолаушылар – Тәжікстан Республикасының азаматтары.
Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, автобустағы барлық адамдарды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Жолаушылар Қарабұтақ ауылындағы мешіт жанындағы жылыту пунктіне орналастырған.
Сонымен қатар, Қарғалы ауданында «Жосалы – Ашылысай» автожолында тағы екі көлік қарға батып қалған. Бұл көліктерде Ташкенттен Мәскеуге бара жатқан Өзбекстан Республикасының 11 азаматы болған. Құтқарушылар көліктерді жолдан шығарып, жолаушыларды Жосалы ауылындағы жылыту пунктіне жеткізді. Бұл азаматтарға да медициналық көмек көрсетудің қажеті болмады.
Төтенше жағдайлар министрлігі ауа райының қолайсыз кезеңінде алыс жолға шықпауға және қозғалысқа қойылған шектеулер туралы ресми ақпаратты қадағалап отыруға шақырады.