Надежда Морозова Хамардағы Әлем кубогында күміс жүлдеге қол жеткізді
Надежда Морозова Хамардағы Әлем кубогында күміс жүлдеге қол жеткізді
13.12.2025
73
Норвегияның Хамар қаласында өткен конькимен жүгіруден Әлем кубогында қазақстандық спортшы күміс жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ел намысын қорғаған Надежда Морозова 1500 метр қашықтықта жоғары нәтиже көрсетіп, екінші орынға ие болды.
Қазақстандық спортшы бұл арақашықтықты 1 минут 54,98 секундта еңсерді. Жарыста жеңіс жапониялық Михо Такагиге бұйырды — 1:54.95. Ал қола жүлдені норвегиялық Рагне Виклунд (1:55.18) қанжығасына байлады.
Аталған қашықтықта Қазақстан атынан тағы бір спортшы — Елизавета Голубева өнер көрсетіп, 1:56.84 уақыт нәтижесімен үздік ондықтың қатарына енді.