Ауыл шаруашылығы министрлігі тауық жұмыртқасын шетелден әкелуге уақытша тыйым салды. Бұл шешім ішкі нарықты қорғау және отандық өндірушілерді қолдау мақсатында қабылданған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі
«Қазақстан Республикасының аумағына тауық жұмыртқаларын әкелуге тыйым салуды енгізу туралы» Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 447 бұйрығымен Қазақстан аумағына барлық көлік түрімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тауық жұмыртқаларын (СЭҚ ТН: 040721) әкелуге 1 ай мерзімге уақытша тыйым салынды»,-делінген хабарламада.
Айта кету керек, тыйым Қазақстан аумағы арқылы тауық жұмыртқаларының транзитін, сондай-ақ олардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына Қазақстан арқылы өтуіне қатысты қолданылмайды.
Бұйрық 11 желтоқсанда күшіне енді.