Лондонда аэротакси Қазақстаннан кейін қосылуы мүмкін

532
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UIXwzE3FI7OAxeqn5VFig0RQ4D59zafeu02jhGky.webp

Британдық «Vertical Aerospace» аэрокосмостық компаниясы 2028 жылы Лондонда аэротакси қызметін іске қоспақ. Бұл туралы Independent газеті жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Valo деп аталатын аэротакси алты жолаушыға дейін тасымалдай алады және 100 мильге (шамамен 160 км) дейінгі қашықтықты 150 миль/сағ (шамамен 257 км/сағ) жылдамдықпен бағындыруға қабілетті. Жобаға реттеуші органдардың рұқсаты алдағы үш жылда беріледі деп күтілуде»,-делінген хабарламада.

Бастапқыда «ұшатын таксилер» әуежайлар мен ірі қалалар бағытында қатынайды. Компания өкілдерінің айтуынша, алғашында бұл қызмет премиум деңгейінде болады, алайда өндіріс көлемі артқан сайын бағасы да қолжетімді болып, қарапайым такси тарифтерімен шамалас болуы мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев елімізде аэротакси 2027 жылы іске қосылуы әбден мүмкін екенін жеткізген еді.

Пікірлер