Даулы оқиғалардан кейін. Министрлік 622 тіс емханасын тексеріп жатыр

73
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/kmgkHw5czVups5LJuuxcFaO9eQUuLaPbbW65yhYn.webp

Министрлік 622 тіс емханасын тексеріп жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Оған себеп – соңғы уақытта балаларға бір сеанста көптеген тістерді жалпы анестезиямен емдеу жағдайларының көбеюі.

Министрдің айтуынша, жалпы наркоз – балалар үшін өте жауапты процедура және ол тек нақты медициналық көрсеткіштер бойынша, білікті анестезиологтың қатысуымен, қажетті жабдықтар болғанда және анестезиологиялық көмектің барлық стандарттары сақталған жағдайда ғана қолданылуы тиіс.

Министрліктің дерегінше, тексеріліп жатқан 622 нысанның ішінде:

  • 290 тексеру тіркелген,
  • 135-і аяқталған,
  • 103-і жалғасуда,
  • 52 емхана іс жүзінде жұмыс істемейтіні анықталған,
  • тағы 26-сы — тіркеу сатысында.

Олардың ішінде 34 ұйым ГОБМП/ӘММК (ОСМС) аясында қызмет көрсетеді, ал 282 тіс емханасы тек ақылы түрде жұмыс істейді.
Тексерістер Бас прокуратураның талабы бойынша басталған.

Пікірлер