Рахмонов жаңа чемпион Ислам Махачевке үндеу жасады

2011
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/8odcGJpEIAlZNJLEFBtpo7W4RmwFzc1G1dHaCO5T.webp

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов желідегі парақшасында UFC-дің жартылай орта салмақтағы жаңа чемпионы Ислам Махачевке арнап жазба қалдырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Исламды жоғары деңгейде өнер көрсетуімен құттықтаймын. Бірақ 170 фунт (77 кг) салмақтағы нағыз қарсылас — әлі де менмін»,-деп жазды қазақстандық файтер.

Айта кетейік, бүгін Ислам Махачев UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы атанған еді. Ол австралиялық Джек Делла Маддаленаны төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңді. Осылайша Махачев UFC тарихындағы Ресейден шыққан алғашқы қос чемпион атанды.

Пікірлер