АҚШ ел президентін террористер тізімінен шығарды

911
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/CshioH9GTW3zBwN7nDlqt8GN4IeSjFFfrHLeRw7L.jpg

АҚШ мемлекеттік департаменті Сирияның уақытша президентін террористер тізімінен шығарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ахмад аш-Шарааны және елдің ішкі істер министрі Анас Хасан Хаттабты террористер тізімінен шығарды. Бұл туралы 7 қараша күні жарияланған.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің АҚШ ұсынған қарарын қабылдауы «Сирияның жаңа саяси кезеңге аяқ басқанын білдіретін маңызды белгі» ретінде бағаланды.

«Президент аш-Шараа бастаған жаңа Сирия үкіметі жоғалған америкалықтарды іздеуге, терроризм мен есірткіге қарсы күресті күшейтуге, химиялық қару қалдықтарын жоюға және аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған міндеттемелерді орындауда. Сондай-ақ Дамаск Сирия басқаратын инклюзивті саяси процесті дамытуға күш салуда», – делінген мемлекеттік департаменттің мәлімдемесінде.

10 қарашада Ахмад аш-Шараа Вашингтонға алғашқы ресми сапарын жасамақ. Онда ол АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесіп, Америка бастаған «Ислам мемлекетіне» (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) қарсы коалицияға қосылу туралы келісімге қол қоюы жоспарланған.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі 6 қарашада Сирия президенті мен ішкі істер министріне қарсы санкцияларды алып тастау туралы шешім қабылдады. Қауіпсіздік Кеңесінің 15 мүшесінің 14-і АҚШ ұсынған қарарды қолдаса, Қытай қалыс қалды.

Бұл шешімнен кейін екі шенеунік Лондондағы санкциялар тізімінен де шығарылды.

Пікірлер