Ақ үйдегі Трамптың баспасөз конференциясы кезінде ер адам талып қалды

858
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/XpMJxkDNbX7xjmQbvlKcOjDycGlY1QrAfiwyjAWk.jpg

Фото: x.com/JenniferJJacobs

6 қараша күні АҚШ президенті Дональд Трамптың Ақ үйде фармацевтикалық компаниялардың өкілдерімен өткізген баспасөз конференциясында күтпеген оқиға болды. Іс-шара кезінде қатысушылардың бірі талып қалған, деп хабарлайды "Адырна".

Баспасөз конференциясының барысы Forbes YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілген. Видеодан көрініп тұрғандай, ер адам есінен танып қалған сәтте жанындағылар дереу көмекке келіп, оны жерге жатқызған. Осы уақытта Дональд Трамп үстелінен тұрып, жағдайды сырттай бақылаған.

Бірнеше минуттан кейін трансляция тоқтатылды.

CBS телеарнасының тілшісі Дженнифер Джейкобстың хабарлауынша, талып қалған адам фармацевтикалық компаниялардың бірінің өкілі болған және оған медициналық көмек көрсетілген.

Ақ үйдің ресми өкілі Кэролайн Ливитттің айтуынша, ер адамның қазіргі жағдайы жақсы, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Бұл оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, тікелей эфир кезінде болған тосын жағдай көпшіліктің назарын аударды.

Пікірлер