Орынбасарлардың кінәсі неде? Премьер өңір басшыларын сынады

1116
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3YjS3GZnCSR04fQ9YgnD1W5n9o0J31JtB95S0QpA.webp

Премьер-министр инвестиция тарту мәселесінде кей өңірді сынады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Үкімет басшысы 2029 жылға дейін Қазақстан экономикасына кемінде 150 млрд доллар инвестиция тарту міндеті тұрғанын еске салды.

Алайда өңірлердің барлығы бұл бағытта белсенділік танытып отырған жоқтығын да атап өтті.

«Атырау, Ұлытау және Абай облыстарында инвестиция тарту қарқыны төмен. Артта қалған өңірлердің әкімдері инвестициялық нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізбегені үшін өз орынбасарларын тәртіптік жауапкершілікке тартсын», – деді Бектенов.

Премьер-министр мемлекеттік органдардың жұмысын жеделдетуді тапсырды. Оның айтуынша, инвестициясыз экономиканың тұрақты дамуы мүмкін емес.

Пікірлер