Шымкентте мерекелік отшашудан кейін өрт шықты. Бұл туралы желіде видеолар тарады, деп хабарлайды “Адырна”.
Куәгерлердің сөзінше, отшашудан құрғақ шөп тұтанып, өртенген.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне қарағанда, өрт Нұрсат шағын ауданында сағат 23:42 шамасында басталған.
Жалын 250 шаршы метрді қамтыған.
«Өрт тез сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», – деп хабарлады ТЖД.
Ұқсас жаңалықтар
Карт-бланш берілген министрдің бірі Зүлфия Сүлейменова еді. Дәл қазір Зүлфия мен 30 жыл отырған шенеуніктің еш айырмашылығы жоқ.
