Депутаттың күдігі. Заңсыз несие рәсімдейтіндер кім?

3441
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/MfOBO3Ahg2xhhh6lfaXdIeMYYINqinweHU2VLKUr.jpg

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов азаматтардың келісімінсіз несие рәсімдеу деректері көбейіп бара жатқанын айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мен өткен аптада осы банк мәселесі бойынша елуге жуық азаматпен кездестім. Солардың қырық бірі — онлайн алаяқтықтың құрбандары. Көпшілігі банкке мүлде бармаған, айлығы жетпейді, ешқандай құжатқа қол қоймаған. Соған қарамастан, олардың атына несие тіркелген. Ал банкке барса, “өзің кінәлісің, біреуге төрт таңбалы код беріп қойған шығарсың” дейді. Мұндай жауаптан кейін адамдар “мен кінәлімін” деп ойлайды, бірақ шын мәнінде олай емес. Мұның бәрін мұқият тексеру керек», – деді депутат.

Әбеновтің айтуынша, бұл мәселе бірнеше жылдан бері өзекті болып отыр.

«Қазір екі жыл болды, мен заңға өзгеріс енгіздім: төрт таңбалы код арқылы ешкімге несие беруге құқық жоқ. Тек биометрия арқылы рәсімделуі керек. Біз бұл жағдайлар бойынша арыз жазып, тексеріс бастадық. Көп жағдайда, яғни тоқсан пайызында, банк қызметкерлері “бізде дайын құжаттар бар” деп мойындайды. Өйткені банк қызметкерлері әр несие үшін 1–2 пайыз сыйақы алады. Сол себепті олар бейресми түрде ақпарат береді», – деді ол.

Пікірлер