Зейнетақы қорынан 46 млрд теңге шешкендердің бірі ұсталды, екеуі шетелге қашып кеткен

1329
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/nd1WQUUZkmOfFIkQDUtOsBtkOAxLIErh8hiopAKG.jpg

Зейнетақы қорынан "тіс емдеу" үшін 46 млрд теңге шешкен үш жігіттің біреуі ұсталды деп хабарланды. Ал тағы екеуі шетел асып кеткен. Бұл туралы BAQ.KZ журналистердің қойған сауалына жауап берген ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

"Қаржы мониторингі агенттігі зейнетақы қорынан тіс емдеу үшін 46 млрд теңге шешіп алған үш жігітке іздеу жариялаған еді. Сол күдіктілер ұсталды ма? Әдетте ондайлар шетел асып кетіп жатады ғой. Халықаралық іздеу жариялана ма?" деп сұрады БАҚ өкілдері.

“Иә, іздеудегі адамдардың бәрін ұстау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазір он бірден астам адам ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстық іс тергеліп жатыр”, - деді ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов.

"Үш жігіт ұсталды ма?" деп нақтылады БАҚ өкілдері.

“Іздеу жарияланған үш күдіктінің біреуі ұсталды. Ол Қазақстан мен Ресей шекарасында қолға түсті. Қалған екеуі шетел асып кеткен”, - деді ол.

Еске салсақ, бұған дейін стоматология арқылы зейнетақы қаражатынан 46 млрд теңге шығарғандарға іздеу жарияланған болатын.

Пікірлер