Мұғалім өз міндетінен тыс нәрселерге жауап бермеуі тиіс — Ерлан Қошанов

1293
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ulr4GUVPy7J13gI4hyJcCeghb0hierkvZ54h1oxU.webp

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов мұғалімдердің шамадан тыс жүктемесі мен міндеттемесі туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мәжіліс спикерінің сөзінше, мектеп мұғалімдері қағаз жұмыстарымен айналысып, түрлі мессенджерлердегі хат алмасуларға да уақытын жұмсауға мәжбүр.

«Бұрын мұғалімдер күндіз сабақ өткізіп, түнде дәптер тексеріп, журнал толтыратын. Ал қазір жағдай одан да қиындады – қағазбастылыққа қоса WhatsApp-тағы чаттар көбейді. Бұл чаттарда оқушылармен бірге ата-аналар да белсенді, олар мұғалімнен тәулік бойы назар аударуды талап етеді. Мұғалім тәулік бойы модератор болуға міндетті емес. Сондықтан біздің фракция депутаттары осындай “түнгі чаттарға” және мессенджерлерге шектеу қоюды ұсынбақ», – деді Ерлан Қошанов.

Айта кетейік, бұған дейін Асхат Аймағамбетов те "мұғалім модератор емес" деп пікір білдірген еді. 

Пікірлер