Бүгін, 12 қазан Семей қаласында қала әкімін сайлау бойынша дауыс беру өтіп жатыр, деп хабарлайды “Адырна”.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Семейде барлығы 128 сайлау учаскесі ашылған. Оның ішінде 110 – ашық, ал 18 – жабық учаске. Жабық учаскелерде тұрғылықты жерінен тыс жерде жүрген азаматтар дауыс береді.
"Сайлау комиссияларының жалпы құрамы – 929 адам. Қала бойынша 220 761 сайлаушы тіркелген", - делінген хабарламада.
Қала әкімі болуға үміткерлер:
- Әділет Қожанбаев – Көкпекті ауданының қазіргі әкімі;
- Айболат Бекжасаров – қалалық мәслихаттың бұрынғы төрағасы;
- Қаныш Төлеуов – Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің директоры.
Бұл – еліміз тарихында тұрғындар өз облыс орталығының әкімін тікелей сайлау арқылы таңдай алатын алғашқы жағдай.
Ұқсас жаңалықтар