2025 жылдың мамыр айында Ұлытау облысы әкімдігі мен Болат Өтемұратов қоры Жезқазған қаласының жаңа Батыс ауданында заманауи Оқушылар сарайын салуды көздейтін өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Жобаны Ұлытау облысы әкімдігінің тапсырысы бойынша «Архдизстрой» ЖШС әзірлеген. Құрылыстың барлық шығынын Болат Өтемұратов қоры өз мойнына алып, жобаны бастан аяқ жүргізбек.
Жаңа Оқушылар сарайы заманауи сәулеттік және білім беру стандарттарына сай болады және өсіп келе жатқан ұрпақтың қабілеті мен талантын дамытуға арналған маңызды алаңға айналады. Жоба – өңір жастарының білімді, белсенді және шығармашыл болып қалыптасуына қолдау көрсетуді мақсат етеді.
Құрылысты 2025 жылдың тамыз айында бастау жоспарлануда.
Ұқсас жаңалықтар
Жалағаш ауданында «Harvest agro» компаниясының агроөнеркәсіптік кластер жобасы қарқынды жүзеге асырылуда
Бейбіт Исабаев: облыстағы жергілікті маңызы бар жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі - 95%
