Зайсан аудандық соты Шілікті ауылының әкімі Қуаныш Төлеуханды әкімшіліктік құқық бұзушылық бойынша қарады. Ол кішігірім қоғамдық тәртіп бұзу бабы бойынша айыпталды, деп хабардайды "Адырна".
Сот отырысында әкім кінәсін толық мойындады. Ол жасаған әрекетіне өкініш білдіріп, көпшілік алдында кешірім сұрады.
Зайсан аудандық сотының қаулысымен шенеунік ұсақ бұзақылық бабы бойынша кінәлі деп танылып, 55 048 теңге айыппұл салынды.
Айта кетейік, 6 қазан күні әкім өз кабинетінде ауыл тұрғындары мен қоғамдық бірлестік өкілдерінің көзінше айналасындағыларға құрметсіздік танытып, бейәдеп сөздер айтқан.
Ұқсас жаңалықтар
The New York Times Пентагонды сотқа берді. Басылым жаңа ережелерді баспасөз еркіндігін бұзу деп санайды
