Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменовамен кездесу өткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Кездесу барысында Президент мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен ұлттық жобаларды тиімді жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру сапасын арттыру, саладағы өзекті мәселелерді дер кезінде шешу және азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнату қажеттігіне назар аударып, министрге нақты міндеттер жүктеді.
Айта кетейік, Жұлдыз Сүлейменова бүгін Ғани Бейсембаевтың орнына Оқу-ағарту министрі қызметіне тағайындалды.
Ұқсас жаңалықтар