АҚШ президенті Дональд Трамп БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз сөйлеу үшін штаб-пәтер ғимаратына көтеріліп бара жатқан сәтте эскалаторда тұрып қалды. Ақ үй бұл жағдайға қатысты тексеру жүргізу керектігін айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Егер БҰҰ-да біреу эскалаторды президент пен бірінші ханым оған мінген сәтте әдейі тоқтатқан болса, ол адамды дереу жұмыстан шығарып, тергеу жүргізу қажет»,– деді АҚШ әкімшілігінің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт.
Сондай-ақ ол The Times газетіне жарияланған мақаладан үзінді келтірді. Онда дүниежүзілік ұйым қызметкерлерінің өзара қалжыңдап, эскалаторды өшіріп қойып, сол арқылы АҚШ президентін баспалдақпен көтеруге мәжбүрлегендері айтылған.
Еске сала кетейік, жуырда АҚШ-та Дональд Трамп отырған тікұшаққа лазерлік шабуыл жасалған еді. Күдікті Вашингтонда ұсталды. Ол бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
"Соғысты тоқтатудың нақты жолдарын іздеу". Трамп Путин мен Зеленскийдің кездесуіне дайындық басталғанын мәлімдеді