Тағы бір алтын! Әлем чемпионатында Айбек Оралбай жеңіске жетті

1703
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ZUqaI8MGUJdMAARasQ3AzlnXeqtYD7LB1EtBATlH.jpg

Айбек Оралбай Ливерпульде өткен Әлем чемпионатында алтын алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Финалда ол өзбек спортшысы Жахонгир Зокировті жеңіп, алтын медаль иеленді.  

Мемлекет басшысы бокстан Әлем чемпионатында топ жарған боксшыларды құттықтады.

«Ливерпульде өткен бокстан Әлем чемпионатында ұлттық құраманың жеңіс жолын Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Төрехан Сабырхан, Наталья Богданова, Айбек Оралбай жалғастырды.  

Қазақ боксшылары әлем біріншілігінде керемет нәтиже көрсетті.  

Әйтсе де алдымызда АҚШ-та өтетін Олимпиада ойындары күтіп тұр. Соған қазірден бастап дайындалу қажет.

Қазақ бокс мектебінің мерейі әрдайым үстем болсын!» – делінген Президент құттықтауында.

Пікірлер