Ауғанстанда ұсталған ресейлік этнограф  босатылды

1425
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/QvjYjkZvIe2a3iiDNtxbzkCOCbDHqTHEwxFmatFG.jpg

2025 жылдың шілде айында Ауғанстанда ұсталған ресейлік этнограф Святослав Каверин босатылды. Бұл туралы РБК жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ауғанстандағы Ресей елшілігінің мәліметінше, ол еліне жол тартқан.

«Ресей азаматы Святослав Игоревич Каверин Кабулдан Мәскеуге рейстік ұшақпен ұшып шықты. Оның босатылуы елшілік қызметкерлері жүргізген тынымсыз жұмыстың нәтижесі болды», – делінген дипломатиялық өкілдіктің хабарламасында.

Айта кетейік, ресейлік этнограф зергерлік бұйымдарды контрабандалық жолмен тасымалдады деген күдікпен ұсталған болатын.

Пікірлер