Өскеменде жөндеу жұмыстарына 600 миллион теңге бөлінген көпірдің бір бөлігі опырылып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Әкімдіктің мәліметінше, оқиға орнында қажетті қызметтер жұмыс істеп жатыр, қалада жергілікті деңгейде төтенше жағдай режимі енгізілді. Қала тұрғындарынан сабыр сақтап, оқиға аумағына жақындамау сұралды.
Өскемен әкімі Алмат Ақыжевтің айтуынша, соңғы үш күнде қатты жауын жауып, өзен деңгейі көтерілген.
“Біз жағдайды бағалау үшін Алматыдан мамандарды шақырдық. Өкінішке қарай, мұнда екі жыл бойы жөндеу жүргізіліп, 600 миллион теңге игерілген. Тексеру жүргіземіз, мердігерлер осында, кепілдік міндеттемелері бар. Солардың негізінде көпірді қалпына келтіреді,” – дейді әкім.
Оның сөзінше, бұл өткел қала логистикасындағы жүктемені азайтып тұрған. Сондықтан көпірді екі-үш айдың ішінде қалпына келтіру жоспарланып отыр.