ШҚО-да ер адам зейнеткердің сейфінен 3,5 млн теңге ұрлап кеткен

2974
Adyrna.kz Telegram
Фото: qazaly.kz
Фото: qazaly.kz

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Предгорное ауылының тұрғыны 72 жастағы зейнеткердің жатын бөлмесінде тұрған сейфтің кодтық құлпын бұзып, онда сақталған 3,5 млн теңгені ұрлап кеткен. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 34 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz. мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер