Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі ойын кестесі жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Алматылық "Қайрат" клубы алғашқы кездесуін 18 қыркүйекте Лиссабонда португалиялық «Спортингке» қарсы өткізеді.
Ал 30 қыркүйекте Алматыда әйгілі мадридтік «Реалға» қарсы тартысты ойын өтпек.
21 қазанда «Қайрат» өз алаңында кипрлік «Пафоспен» күш сынасса, 5 қарашада сырт алаңда миландық «Интермен» ойнайды. Кейін 26 қарашада алматылықтар Копенгагенге қонаққа барып, «Копенгагенге» қарсы ойнайды. Ал 9 желтоқсанда өз алаңында гректің «Олимпиакосын» қабылдайды.
2026 жылдың 20 қаңтарында Алматыда бельгиялық «Брюггемен» ойнаса, 28 қаңтарда сырт алаңда ағылшынның «Арсеналымен» кездеседі.
Ұқсас жаңалықтар