Берденов ісі. Шымкенттік судья отырыс кезінде тілін шығарған

971
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/sZqcaRXnaQcUQT4OvrxRAqCbyRIh5Fmt42HloO9i.webp

Қазақстандық журналист Ботагөз Омарова Шымкентте өтіп жатқан сот процесінде төрағалық етіп отырған судьяның оғаш қимылын видеоға түсіріп, жариялады, деп хабарлайды Stan.kz-ке сілтеп.

Видеода судья Әбинұр Қарабаев камераға тік қарап, ойнақы түрде тілін шығарып көрсетеді. Журналист оның мұндай әрекетіне не түрткі болғанын түсінбей, таңданысын жасырмады.

"Қарабаевқа не болды? Бұл қимылға не себеп болды? Бәрі жақсы ма? Мен білмеймін, бірақ ол үшін алаңдап отырмын", – деді Омарова.

Сондай-ақ ол әріптестерінен судьяның мұндай қылығын тағы кім байқағанын сұрады.

Пікірлер