"Росатом" Үлкенді өркендете ме? 8 тамызда алғашқы АЭС құрылысы басталады

1887
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/QC6KAlmI6Z3eEiPJcIdm0ZzMSm9rLS5I7BxT2LJq.jpg

Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы 8 тамызда басталады. Бұл туралы «Қазақстан атом электр станцияcы» компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна". 

Іс-шара Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Үлкен ауылының маңында өтеді. Жобаны Ресейдің «Росатом» мемлекет корпорациясы салады.

Сондай-ақ, топырақ сынамасын алу үшін бұрғылау жұмыстары басталады. Кейін сол топырақ салынған капсула Ресейге зерттеу үшін тапсырылады.

2024 жылы "Росатом" бірінші АЭС үшін консорциум лидері болып танылды, бірақ билік жаңа станцияларды салуда Қытайды негізгі серіктес ретінде қарастырады.

Пікірлер