Белгілі ақын Әлібек Шегебай Абай Құнанбайұлының қара сөздерін өлеңге айналдырып, «Қара сөз қара өлеңге айналғанда…» атты жаңа кітабын жарыққа шығарды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Ұлы ойшылдың қара сөздері алғаш рет толықтай поэзиялық формада оқырманға жол тартып отыр.

«Бас-аяғы бес жылдық еңбек. Кітапта мен жазған өлең нұсқасымен бірге салыстырып оқу үшін Хакімнің 45 қара сөзі де қатар беріліп отыр. Баспадан бүгін жарық көріп отырған бұл кітаптың редакторы, әрі алғы сөзін жазған – ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстанның құрметті жазушысы Байбота Қошым-Ноғай ағам. Ал кітаптың шығуына демеушілік жасап, ағалық, азаматтық көмегін көрсеткен — белгілі кәсіпкер, қазақ руханияты мен мәдениетінің үлкен жанашыры,экономика ғылымдарының кандидаты Үсіпбаев Дайрабай Мамашұлы ағам. Қос ағама да риясыз ризашылығымды білдіре отырып, азаматтық пейілдеріне алғыс айтамын!»—деді ақын.
