Нығматулиннің ұлы қылмыстық іс бойынша айыпталды

3603
Adyrna.kz Telegram

Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұрхан Нұрланов қылмыстық іс бойынша айыпталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бас прокуратураның мәлімдеуінше, 697 млн теңге көлеміндегі монополиялық кіріс алуға байланысты «Қазфосфат» ЖШС басшылығына қатысты тергеу басталды.

5 сәуірде «Қазфосфат» ЖШС-не аммофос бағасының негізсіз өсуіне байланысты тергеу жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Минерал тыңайтқыштар өндіретін зауытты мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұрхан Нұрланов басқарады.

Пікірлер