Ақмола облысында қатты жел үш мектеп пен 40-қа жуық тұрғын үйдің шатырын ұшырды

2155
Adyrna.kz Telegram

Ақмола облысында қатты жел үш мектеп пен 40-қа жуық тұрғын үйдің шатырын ұшырды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«25 маусымда Біржан сал және Бұланды аудандары аумағында 30 м/с жылдамдықпен соққан қатты жел саларынан 3 мектеп пен 38 жеке тұрғын үйдің шатыры ұшты. Көптеген ғимарат бүлінген. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деді Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ дауылдың салдарынан электр бағаналары құлап, бірқатар елді мекен жарықсыз қалған. Апаттан келген шығын көлемін жергілікті атқарушы органдар анықтап жатыр.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер