«Назарбаев» қорына тиесілі Jusan bank мемлекетке қайтарылады

2935
Adyrna.kz Telegram
Фото: rbk.ru
Фото: rbk.ru

«Назарбаев» қорына тиесілі Jusan bank акцияларының мемлекетке қайту мәселесі түпкілікті шешілді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.      

Бұл туралы «DALA инсайд» telegram-арнасы жазды.

«Назарбаев қоры» тарапымен өткен ауыр келіссөздер нәтижесінде Jusan bank-тің мемлекеттің қол астына қайтуы бойынша жағымды шешім қабылданғанын хабарлады. Есесіне Самат Әбіш пен Қайрат Сатыбалды аса қатты қудаланбауы тиіс» — деп жазды канал.

Айта кету керек, Jusan bank (кезіндегі Цеснабанк) мемлекеттен 1,5 триллион теңге қаржылық қолдау тартқан. Соның есебінен, акционерлері – «First Heartland Securities» АҚ («Назарбаев қорына» бағынады). Ол 2020-2021 жылдары банктен 113 миллиард теңгені дивиденд ретінде шығарып алған.

 

«Адырна» ұлттық порталы. 

Пікірлер