Ресейдің Рязань қаласының маңында ұшақ құлады. Ил-76 ұшағында алдымен өрт шыққан. Нәтижесінде үш адам қаза тауып, тағы бес адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Zakon.kz"-ке сілтеме жасап.
"Известия" басылымының жазуынша, аталған ұшақ 24 маусымда Михайловское тас жолының маңында апатқа ұшыраған. Ұшақ бортында 10-ға жуық адам болған. Ресей Федерациясының Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ұшақ құлаған кезде сол маңайдағы ешқандай затқа зақым келмеген.
Апат салдарынан үш адам қаза тауып, тағы бес адам жараланып, ауруханаға жеткізілді. Ұшақ құлаған жердегі өрт сөндірілді.
"Адырна" ұлттық порталы