Тоқаев шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

3491
Adyrna.kz Telegram

Шілде айында Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

"Алдымыздағы шілде айында мемлекет басшысының төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Онда еліміздің бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, инфляция және инвестициялар жөніндегі мәселелер талқыланады", - деді ол.

Үкімет басшысы барлық министр мен әкімдерге осы отырысқа дайындалуды тапсырып, жаңа үш облысты есепке ала отырып, 20 облыста жартыжылдықтың қорытындысы шығарылатынын айтты.

Пікірлер