Елімізде вейптерді сатуға, шегуге тыйым салынбақ

2179
Adyrna.kz Telegram
Фото: sputnik.kz
Фото: sputnik.kz

Елімізде вейптерді сатуға және оларды шегуге тыйым салынады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы      

Мәжіліс кулуарында депутат Аманжан Жамалов мәлімдегендей,  "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекске Қазақстанда вейптерді сатуға және пайдалануға тыйым салатын түзетулер енгізілетін болады.

"Қазақстанда вейптерді сатуға және пайдалануға тыйым салынатын түзетулер енгізу туралы шешім қабылдадық. Темекі қоспасы, сұйықтығы, газы – осылардың бәрін Қазақстанда сатуға және пайдалануға толық тыйым салынады", - деді ол.

 

 "Адырна" ұлттық порталы      

Пікірлер