Мемлекет басшысының келісімі бойынша Бас прокурордың бұйрығымен Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры болып Ерлан Өтегенов тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Нұр-Сұлтан прокурорының лауазымына әділет кеңесшісі Ерлан Өтегенов тағайындалды", - деп жазды Бас прокуратура.
- Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының және Алматы қаласының прокуратураларында қызмет атқарған, оның ішінде басшылық лауазымдарда болды.
- Алматы облысы Қарасай ауданының табиғатты қорғау прокурорының орынбасары, Ақмола облысының Целиноград, Егіндікөл аудандарының, сондай-ақ, Алматы облысы Талғар ауданының прокуроры, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Алматы қаласы бойынша басқармасының бастығы болды.
- 2019 жылдың маусым айынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарды.
"Адырна" ұлттық порталы