Бейсенбі күні түсте Испанияның солтүстігіндегі Риоха автономиялық қоғамдастығында биодизель зауытында жарылыс болып, екі адам қаза тапты. Бұл туралы Europa Press агенттігі жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері келіп, компания қызметкерлері эвакуацияланды.
Сондай-ақ зауыт маңында 250-ге жуық бала экскурсияда болғаны, оларды автобустармен алып шығатыны белгілі болды.
Өрттің жақын маңдағы қоймаға таралу қаупіне байланысты жанып жатқан зауыттың айналасындағы қауіпсіздік периметрі 1 шақырымнан астамға ұзартылды.
"Адырна" ұлттық порталы