Түрікменстанда экс-президенттің жылқысына ескерткіш қойылады. Бұл туралы Turkmenportal. жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Түрікменстанның жаңадан сайланған басшысы Сердар Бердімұхамедов Ашхабадтағы Ақалтеке ат кешенінің алдына Ақханның (экс-президенттің жылқысы) мүсінін орнату туралы қаулыға қол қойды. Құрылыс жұмыстары мамыр айында басталады, нысан желтоқсан айында тапсырылуы тиіс.
Ақхан - Гурбангулы Бердімұхамедовтың өзі баптаған ат. 2018 жылы бұл ат Гиннестің рекордтар кітабына енген.
Еске салайық, 2020 жылдың қарашасында Гурбангулы Бердімұхамедов Ашхабадта итіне ескерткіш орнатқан.
”Адырна” ұлттық порталы