Қазақстандық оқушылар Францияда 72 медаль жеңіп алды

4328
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз
Франциядағы Дүниежүзілік гимназиадада Қазақстан оқушылары 72 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов телеграмм парақшасында жазды.

Министрдің айтуынша, жеңіп алынған 72 медальдің 28-і — алтын, 28-і — күміс және 16-сы — қола. Оқушылар таеквондо, жүзу, жеңіл атлетика, дзюдо, еркін күрес, семсерлесу, көркем гимнастика, спорттық гимнастика, садақ ату, бокс және әйелдер күресінен өткен жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған.

"Қазақстандық білім алушылар мектеп оқушыларына арналған Дүниежүзілік гимназиадаға алғаш рет қатысып отырғанын еске сала кетейін. Бүгін Нормандияда жарыстың соңғы күні өтеді. Командаға күш-жігер, қайрат және жаңа жеңістер тілеймін. Біз сендерді мақтан тұтамыз!", — деп жазды Асхат Аймағамбетов.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер