Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 20 жастағы қыз көз жұмды, көлік билборд тірегіне соғылған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы t.me/orda_kz тееграм каналы жазды.
Қыз ауруханаға жеткізілген, бірақ алған жарақаттары салдарынан көз жұмды. Марқұмға жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының контузиясы, төменгі жақ сүйектерінің сынуы деген диагноз қойылған.
Toyota Crown көлігінің 29 жастағы жүргізушісі салонда қысылып қалған. Сондай-ақ жабық бассүйек-ми жарақатын алған, миы шайқалған, жамбас сүйегі сынған. Ол реанимацияда жатыр.
Оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары басталды.
"Адырна" ұлттық порталы.