Қайрат Құдайбергеновтың қамау мерзімі тағы екі айға ұзартылды

3430
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Сот Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергенді ҚР МСМБ басшысының өтініші бойынша 21 маусымға дейін қамауда қалдырды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады “Адырна” ұлттық порталы.

«Тергеу сотының қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органының 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтініші қанағаттандырылды. Қамау мерзімі 2022 жылдың 21 маусымына дейін», - деді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Еске салайық, оған қысым жасалғаны хабарланған болатын. Адвокаттардың уәжіне қарамастан, сот кепілден бас тартты.

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер