Вице-премьер ел қазынасын неге үнемдемейді?

3837
Adyrna.kz Telegram
Фото: фотоколлаж "Адырна"
Фото: фотоколлаж "Адырна"

Оралға екі күн, нақтырақ айтсақ, 7-8 қазан аралығында ұшатын рейске мемлекеттік қазынадан 10,6 миллион теңге жұмсалған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Protenge телеграмм каналының мәліметінше, дәл осы даталарда вице-премьер Ералы Тоғжанов делегациясымен БҚО-ға барған. Онда әлеуметтік нысандарды аралап, "Атамекен" өнер орталығын ашқан.

Сонда 10,6 миллион теңге қайда жұмсалды? Мемлекет басшысы қазынаның қаржысын үнемдеу керек деп еді, ал Тоғжанов болса, осыншама қаржыны бір рейске жұмсаған. Мәселен, делегация өкілдері үкіметтік емес, тұрақты рейспен ұшса, оның құны 10 есеге арзан бағаға түсер еді.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер