Щучинск қаласында базар өртеніп, бір ер адам қаза болды. Бұл туралы Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Төтенше жағдай 18 мамыр күні "Жомарт" базарының бір қабатты жеке тұрған ғимараты жанында болған.
«Өрт сөндіру кезінде ер адамның денесі табылды. Ол базардың күзетшісі болуы мүмкін»,– деді ведомство.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.