«Алтын белгіге» үміткер түлек ҰБТ-да төмен нәтиже көрсететін болса, мектеп басшылығы жауапқа тартылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Алтын белгіге» үмітті талапкер ҰБТ-дан төмен балл алып, шекті балды жинай алмаса, мектеп басшылығын жауапкершілікке тартатын боламыз. Олардың ҰБТ-ны тиісті деңгейде тапсыру мен академиялық адалдық приципі біздің бақылауымызда. Ертеңгі күні естімедік, білмедік деген әңгіме болмасын. Бұл мәселе бойынша мектеп басшылығы тікелей жауапкершілікке тартылады. Қажет болса, жұмыстан шығарамыз»,- деді ол.