Мәскеуде ҰҚШҰ-ның мерейтойлық саммиті басталды

2628
Adyrna.kz Telegram

Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының мерейтойлық саммиті басталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мемлекет басшылары ұйымның даму перспективаларын талқылап, ҰҚШҰ мерейтойына арналған мәлімдемені қабылдайды деп күтілуде.

Кездесуге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей президенті Владимир Путин және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, сондай-ақ Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян қатысып жатыр.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер