500-ге жуық этникалық қазақ елге оралмақ

3809
Adyrna.kz Telegram
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Елге оралғысы келген қандастарды Түрікменстаннан Жаңаөзенге Түркімен темір жолының пойызымен жөнелтеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "orda.kz"-ке сілтеме жасап.

"2 маусымда Түркіменстаннан Қазақстанға 490 этникалық қазақ тұрақты тұру мақсатында көшіп  келеді. Мұндай шешімді 11 мамырда Қазақстан елшілігінің өтініші бойынша аурулардың таралуына қарсы күрес жөніндегі төтенше комиссия қабылдады", -деп жазады Тurkmen.news.

Пойыз Түркіменбашы – Берекет – Серхетяка – Болашақ бағыты бойынша жүреді. «Болашақ» бекетінде түрікмен тепловозы қазақстандық тепловозға ауыстырылады. Соңғы нүкте Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы болмақ.

2020 жылы 319 адам Түркіменстан азаматтығынан шықты, оның 70-і этникалық қазақтар, деп жазады басылым.

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер