Елордада Жеңістің 77 жылдығына орай демеушілердің қаржысына ұйымдастырылған мерекелік отшашу болады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Отшашу бүгін, 9 мамыр күні сағат 22:00-де Есіл өзенінің жағалауынан басталады. Салют ұзақтығы 10-12 минутты құрайды, ал атыс саны кемінде 3 мың болады»,– делінген хабарламада.
«Адырна» ұлттық порталы