Алматыда жанармай құйылған автоцистерна өртеніп жатыр

4182
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/f590315b-9b3c-48a8-b3c5-338f4b8d8101.jpeg
Алматыда жоғары дәрежедегі шақырту бойынша өрт сөндіріліп жатыр. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Бүгін сағат 20:20-дан бастап Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Жетісу ауданы Ангарская көшесі, 97а-да өрттің жоғары дәрежесімен жұмыс істеу үстінде. Жанар – жағармай құйылған автоцистерна отқа оранды", - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда өртті сөндіруге 28 техника мен жеке құрамның 80 адамы жұмылдырылды.
Пікірлер