Жеңілдетілген автокредит бағдарламасы келесі аптада іске қосылады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Автонесие шарттары бекітілді. Ол заң бойынша 10 күн тіркеуден өтуі керек. Аптаның аяғына дейін ақша түссе, келесі аптадан бастап жұмыс басталады»,– деді ол.
Айта кетейік, несиеге ең көп дегенде 10 миллион теңге беріледі. Оған жергілікті жерде құрастырылған көліктерді алуға болады. Жылдық сыйықасы 4 процент; мерзімі – 7 жыл.