Атырау облысындағы Алмағамбет көлінен 507 келі өлі балық табылды

2470
Adyrna.kz Telegram

Атырау облысындағы Алмағамбет көлінен 507 келі өлі балық жиналды. Бұл туралы "Ақ Жайық" басылымы хабарлады.

- Судың тез келіп, тез қайтуы салдарынан балық жыңғылдың арасында, қайраңда қалып қойған. «Безымянный» арнасынан 65 келі өлі балық жиналса, «Алмағамбет» көлінен соңғы есеп бойынша 507 келі жиналды. Балықты құтқару жұмыстары жалғасуда. Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының 40 қызметкері және Алға ауылының 8 жұмысшысы осы бағытта жұмыс жүргізуде, - деді А.Бахиянов.

Облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы өңірде 200-дан астам су айдыны болса, оның 70-ке жуығы қауіпті айдын қатарына жататынын, олардың қатаң бақылауда екенін атап өтті.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер