Теректі кентіндегі 150 жұмысшы "Алтай Полиметалл" кәсіпорнынан кетуге мәжбүр болғанын мәлімдеді

4423
Adyrna.kz Telegram

«Алтай Полиметалл» ЖШС Теректі тау-кен байыту комбинатының (ГОК) жұмысшылары қысым көрсету, қорқытулар және жұмысшыларды жаппай қысқарту туралы шағымданды, деп хабарлады ҚазТАГ. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазады. 

  "Кеше Сәкен есімді жігіт жұмыстан шығарылды, ол сегіз жыл жұмыс істеді. Неліктен қауіпсіздік қызметі (ҚБ) зауытты бақыламайды, бірақ жұмысшыларды арандатады? Мысалы, жұмысқа келіп, талтайып жүреді (қолын қалтасына салып – ҚазТАГ), олар жанжал шығуынын себебін іздеп жүр ме? ҚБ бізге жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді. Олар кетуі керек. ҚБ тіпті бас директорға бағынбайды. Басшылықты өзгерту керек, бізге адами тұрғыдан қарайтын адамдар қажет. Бізбен бірге шай ішетін басшылар болған кездер де болды, ал олар өздерін жау ретінде қабылдайтындай етіп қойды", - деді жұмысшылар жиында.

Сондай-ақ, жұмысшыларға да қоқан-лоққы көрсететіндерін айтты.

  "Біз де осында жұмыс істедік, осы ауылдың тұрғындары, жеті жыл осында жұмыс істеді, енді олар бізге бөтен адамдарды жіберді, онын ішінде Нұрсұлтан есімді адам бар, оның өзі, білмеймін, ұйымдасқан қылмыстық топ па, адамдарды жіберді, "сіздің балаларыныз бар" деген сөздермен қорқытты және бізді өз еркімен жұмыстан кетуге мәжбүр етті. Сондықтан біз балаларымызға ұайымдағаннан жазып отырмыз. Бұл ретте, жеті жыл жұмыс барысында біз бірде - бір ескерту алған жоқпыз", - деді жиында жергілікті тұрғындардың бірі.

"Алтай полиметалл" өкілдерімен, шенеуніктермен және құқық қорғау органдарымен кездесуде жұмысшылардың бірі қызметкер инженердің қыңырлығы бойынша, ал жүргізуші көлік жөнделіп жатқан кезде уақытша жалақысыз демалысқа жіберілгенде жұмысынан айырылғаны туралы мысал келтірді.

Жұмысшылардың айтуынша, өтемақы төленбеген 150-ге жуық адам жұмысынан айырылған, адамдар отбасыларымен бірге қызметтік тұрғын үйден шығарылды.

"Алтай" Полиметалл кәсіпорны жұмысшыларының бастамашыл тобы басшылыққа бірқатар ұсыныстар айтты. Сондықтан жұмысшылар өтініші: 1. Отбасы қызметкерлерін қызметтік пәтерлерден жатақханаға көшірмеуге; 2. Басшылыққа кәсіпорын қызметкерлерімен коммуникацияларды жолға қою; 3. Кәсіподақ құрып, Ұжымдық шарт жасасын. 4. Қауіпсіздік қызметі тарапынан құқыққа сыйымсыз әрекеттерді тоқтату. Ұжыммен кездесуге Қарқаралы ауданының әкімі де қатысты, талқылау сындарлы түрде өтті, қоғамдық тәртіп бұзылмады", - деп түсіндірді Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 1 қаңтарда ҚазТАГ Теректі КБК жұмысшылары жалақының кешігуіне шағымданып, жаппай төлем талап еткенін хабарлаған болатын.   Теректі КБК, "Алтай Полиметалы" ЖШС филиалы болып табылатын, Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы "Көктасжал" мыс кен орнын әзірлеумен айналысады.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер